«Макроэкономика» пәні бойынша  семинар сабағын жүргізуге арналған

ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЫ

Кіріспе

Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың жасаған «Қазақстан 2030» стратегиялық бағдарламасына сай кәсіпкерлікті қолдауға және оны дамытуға, сонымен қатар оны тиімді жүзеге асыру үшін бірқатар тапсырмалар беріліп, көптеген шаралар атқарылуда. Осыған орай, экономикалық мамандықтарға сұраныс көбейіп, оларға қойылатын талаптардың күшейтілуіне байланысты, нарықты экономика талаптарына жауап беретін және бәсекеге қарсы тұра алатын мамандар дайындау үшін, экономикалық білім беру сапасын жетілдіру мақсатында, осы берілген пәннің алатын орны зор болып табылады.

1.Макроэкономика пәні бойынша семинар сабағын

жүргізуге арналған әдістемелік нұсқау

Қазақстан Республикасының жоғары мектепті қайта құру барысында оқу бағдарламасына жаңадан ендірілген «Макроэкономика» пәні экономистер дайындайтын жоғары және орта арнаулы оқу орындарында – негізгі базалық курс болып табылады. Ұсынылып отырған курста экономикалық теорияның бір бөлігі ретінде макроэкономиканың негізгі сұрақтары мен модельдері кестелер, графиктер, математикалық функциялар түрінде көрсетілген.

”Макроэкономика” пәнінің негізгі мақсаты-болашақ мамандарды қазіргі қоғам өмірінің экономикалық проблемаларымен таныстыру, олардың мемлекетіміздің экономикалық саясатын жасауға және оны жүзеге асыруға белсене қатынасу қабілеттігін дамыту.Осы мақсатта студенттерге нақтылы білім беру және экономикалық заңдар мен категориялардың іс-әрекетін нарықтың мәселелерін шешуге пайдалана алатын, болашақтағы және ағымдағы экономикалық жадаяттарды бағалай білетін, өз еркімен шешімдер қабылдай алатын жоғары білікті мамандар дайындау. Курстың міндеті тек теориялық білімді кеңейту ғана емес, сонымен қатар микроэкономикалық ортада қызмет етуге мүмкіндік беретін қажетті іс-тәжірибелер мен ептілікті игеру болып табылады.

Пәннің негізгі міндеті:

-          студенттерді экономикалық талдау жасауға үйрету, әлеуметтік-экономикалық білімге баулу;

-          экономиканың негізгі түсініктері мен терминдерді беру;

-          нарық жағдайында еркін іс-әрекет етуге баулу;

-          нарықтық экономиканың механизмімен таныстыру.

Курстың негізгі мәселесі -  қоғамдық ғылым мен әлемдік экономикалық тәжірибенің өңделген жүйесіндегі экономикалық саясаттың қалыптасу қағидалары және ережелері,  жалпы заңдылықтарын қамту, және де Қазақстанның өтпелі экономикасындағы нақты әлеуметтік-экономикалық жағдайлармен байланыстыру болып саналады.

Семинар сабағының жоспары студенттердің семинарға белсенді және шығармашылық қатысуын, оған дайындалудың маңыздылығын болжайды. Семинар сабағының құрылымы төмендегілерді қамтиды:

-          курс бағдарламасының сұрақтары, сонымен қатар, семинарда талқыланатын дискуссиялық сұрақтар;

-          қандай да бір пікірге анықтама беру, қысқаша эссе (0,5 парақ көлемінде) жазу;

-          тақырыпқа шолу – ұсынылатын тақырыпқа байланысты баспа ақпараттары мен интернет ресурстарын пайдалана отырып, 1-2 беттен тұратын қысқаша әдебиеттерге шолу жасау;

-          глоссарий жазу – берілген тапсырма бойынша терминдер мен ұғымдарды қысқаша түсіндіру, сонымен қатар, кроссвордпен алмастыру;

-          презентация – студенттің белгілі бір тақырыпты таңдап алып, оны өз пікірінше көріп, түсіндіріп және презентацияда қарастырылатын тақырыптың кейбір аспектілерін түсінгендігін, немесе түсінбегендігін білдіретін еркін таңдауы. Презентация уақыты – 8-10 минут;

-          нақты оқу жағдайы – студенттен берілген мәселеге байланысты сұрақ бойынша немесе жазбаша жауап алу;

-          топтық жоба – топта кемінде 4-5 адам болып, әр бір топ өз жобаларын жасайды, мысалы, біздің облысымызды қалайша еркін кәсіпкерлік аймағы етуге болады.

-          ЭММ, блок- кейс – нақты жағдайды суреттеу, нақты оқу жағдайын, шешім қабылдауларды суреттеу болып табылады

1 модуль.  Макроэкономикалық көрсеткіштер, негiзгi

макроэкономикалық модельдер, тепе-теңдiктер

Тақырып № 1. Макроэкономикаға кіріспе. Ұлттық есепшоттар жүйесі.

1. Макроэкономика пәні

2. Макроэкономикалық моделдер

3.Ұлттық есепшоттар жүйесінің өзге көрсеткіштері, негізгі макроэкономикалық теңдік.

4.Атаулы және нақты айнымалылар, баға индекстері.

Талқылауға арналған сұрақтар:

-                      Макроэкономика пәнінің анықтамасын беріңіз;

-                      Макроэкономиканың микроэкономикадан айырмашылығы қандай?

-                      Макроэкономикалық модельдер мен макроэкономикалық саясат

           түсінігін беріңіз.

Есеп:

«Экономика» келесі мәліметтермен берілген:

Есепшот

Млрд.теңге

1.

Жалпы жеке инвестициялар

75

2.

Несиенің пайызы

15

3.

Жалақы

315

4.

Корпорация пайдасы

225

5.

Жанама салықтар

45

6.

Ренталық төлемдер

40

7.

Корпорация пайдасына салық

60

8.

Таза экспорт

15

9.

Тауар мен қызметтерді мемлекеттік сатып алулар

80

10.

Таза жеке инвестициялар

65

11.

Жеке меншіктен түсетін табыс

22

12.

Мемлекеттік кәсіпорынға таза субсидиялар

4

13.

Халыққа төленетін трансферттік төлемдер

33

14.

Тұтыну шығындары

498

15.

Әлеуметтік сақтандыру жарналары

15

16.

Жеке табыс салығы

10

Кестеде берілген мәлімет бойынша мыналарды есептеңдер:

А) Табыстар ағыны бойынша ЖҰӨ көлемін;

Ә) Шығындар ағыны бойынша ЖҰӨ көлемін;

Б) ТҰӨ;ҰТ;ЖТ;ЖҚТ көлемін анықтаңдар.

Студенттер білу қажет: Макроэкономика пәні, макроэкономикалық моделдер, экзогендік және эндогендік айнымалылар. ЖҰӨ және ЖІӨ -нің мәні мен өлшеу әдістері, баға индекстері, макроэкономикалық теңдік.

Негізгі әдебиеттер:

1.       Агапова Т.А.,Серегина С.Ф.: «Макроэкономика».- М: ДИС, 1999.

2.       Мамыров Н.Қ., Тілеужанова М.Ә.: «Макроэкономика». Оқу құралы. - Алматы: Экономика, 2004.

3.       Мэнкью Н.Г.: «Макроэкономика», М: ДИС, 2002.

4.       Фишер С.: «Макроэкономика».М: Инфра-М,2003

  1. Дорнбуш Р.,Фишер С.:«Макроэкономика»,М:Экономика,1994. 349 стр.
  2. Агапова Т.А.Макроэкономика.-М:МГУ,2004
  3. Агапова Т.А.Макроэкономика для преподавателей. Учебно- методическое пособие. Выпуск 1. –М: «Дело Сервис»,2003
  4. Селищев А.С. Макроэкономика.-С.Пб.:Питер,2005
  5. Краткий курс макроэкономики. Под ред. Мухамедиева Б.М.-Алматы,2004
  6. Киселева Е.А. Макроэкономика.-М.: Эксмо,2005
  7. Киселева Е.А. Макроэкономика: конспект лекций.- М.: Эксмо,2006
  8. Макроэкономика./ Под ред. М.И.Плотницкого.-М:Новое знание,2004
  9. Задоя А.А. Макроэкономика.-Москва,2004

Тақырып № 2. Жиынтық сұраныс пен  жиынтық ұсыныс. АD-AS үлгісі

1. Жиынтық сұраныс (АD) және оның анықтауыш факторлары.

2. Жиынтық ұсыныс: классикалық  және кейнсиандық үлгілері.

3. Қысқа және ұзақ уақыт мерзіміндегі  тауарлы нарықтағы тепе-теңдігі

Талқылауға арналған сұрақтар:

-                      Жиынтық сұраныстың әсер етуші факторлар әсерінен өзгерісін талдау;

-                      Жиынтық ұсыныстың әсер етуші факторлар әсерінен өзгерісін талдау;

-                      Макроэкономикалық тепе-теңдік, АD-AS моделі.

Тест:

1.       1929   жылғы   дағдарыстан   кейін   пайда   болған,   жиынтық   сұранысты   мемлекет тарапынан реттеу қажеттілігін қуаттайтын макроэкономиканың бағыты:

А) Кейнсшілер;

В) Монетаристер;

С) Неоклассикалық бағыт;

D) Ұтымды күтулер тәсіліне негізделген бағыт;

Е) Бизнес — циклді оқытатын бағыт.

2.       АS қисығының классикалық нұсқасына сәйкес ұзақ мерзімдегі жалпы сұраныстың өзгеруі:

А) өнім көлеміне емес баға деңгейіне әсер етеді;

В) баға деңгейіне емес өнім көлеміне әсер етеді;

С) баға деңгейі мен өнім көлеміне әсер етпейді;

D) баға деңгейіне де,  өнім көлеміне де әсер етеді;

Е) АS қисығын жылжытады.

3.       АS қисығының кейнстік нұсқасына сәйкес ұзақ мерзімдегі жалпы сұраныстың өзгеруі:

А) баға деңгейіне емес, өнім көлеміне әсер етеді;

В) өнім көлеміне емес,  баға деңгейіне әсер етеді;

С) өнім көлемі мен баға деңгейіне әсер етпейді;

D) өнім көлемі мен баға деңгейіне әсер етеді;

Е) АS қисығын жылжытады.

4.       Қысқа мерзімді кезеңдегі ұсыныстьің жағымсыз талықсытпасы(шок) көрсетеді:

А) Шығырылым көлемінің төмендеуі жөне баға өсімі.

В) Шығарылым көлемінің өсуі және бағаның төмендеуі .

С) Шығарылым көлемі және бағаның төмендеуі.

D)Шығарылым көлемі мен баға өсімі.

Е) Шығарылым көлеміне әсер етпейді.

5.       Егер мемлекет қоршаған ортаньң сақталуына талапты күшейтетін болса, бұл нені туындатады?

А) Өнім бірлігіне өндіріс шығынының өсуі мен жиынтық ұсыныс қисығының солға ығысуы.

В) Өнім бірлігіне өңціріс шыгынының өсуі мен жиынтық ұсыныс қисығының оңға   ығысуы.

С) Өнім бірлігіне өндіріс шығынының өсуі мен жиынтық сұраныс қисығының солға ығысуы.

D)Өнім бірлігіне өндіріс шығындарының төмендеуі жөне жиынтық сүраныс қисығының солға ығысуы.

Е) Өнім бірлігіне өндіріс шығындарының төмендеуі және жиынтық сүраныс қисығының оңға ығысуы.

Студенттер білу қажет: Жиынтық сұраныс пен жиынтық ұсыныстың мәні және оның өзгеруіне әсер ететін факторлар. Жиынтық ұсыныс: классикалық  және кейнсиандық үлгілері. Қысқа және ұзақ уақыт мерзіміндегі  тауарлы нарықтағы тепе-теңдігі

Негізгі әдебиеттер:

1.       Агапова Т.А.,Серегина С.Ф.: «Макроэкономика».- М: ДИС, 1999.

2.       Мамыров Н.Қ., Тілеужанова М.Ә.: «Макроэкономика». Оқу құралы. - Алматы: Экономика, 2004.

3.       Мэнкью Н.Г.: «Макроэкономика», М: ДИС, 2002.

4.       Фишер С.: «Макроэкономика».М: Инфра-М,2003

  1. Дорнбуш Р.,Фишер С.:«Макроэкономика»,М:Экономика,1994. 349 стр.
  2. Агапова Т.А.Макроэкономика.-М:МГУ,2004
  3. Агапова Т.А.Макроэкономика для преподавателей. Учебно- методическое пособие. Выпуск 1. –М: «Дело Сервис»,2003
  4. Селищев А.С. Макроэкономика.-С.Пб.:Питер,2005
  5. Краткий курс макроэкономики. Под ред. Мухамедиева Б.М.-Алматы,2004
  6. Киселева Е.А. Макроэкономика.-М.: Эксмо,2005
  7. Киселева Е.А. Макроэкономика: конспект лекций.- М.: Эксмо,2006
  8. Макроэкономика./ Под ред. М.И.Плотницкого.-М:Новое знание,2004
  9. Задоя А.А. Макроэкономика.-Москва,2004

Тақырып № 3. Өндіріс және еңбек нарығы

1.Өндіріс факторлары. Өндірістік функция.

2. Өндіріс факторлары арасында ұлттық табысты бөлу.

3. Жиынтық ұсыныс қисығын тұрғызу.  Икемді және қатаң  еңбек ақы.

4.Жабық экономикадағы қысқа және ұзақ уақыт мерзіміндегі жиынтық сұраныс пен жиынтық ұсыныс тепе-теңдігі.

Тест

1.   Өндірістік функция жалпы түрінде былай беолгілінеді:

A)  Y = F(K,L);

B)   Y = F(K)-F(L)$

C)  K=F(L);

D)  Y = F ( K,L) - F ( Р)

E)  Y = F(P);

2.   Өндірістік функция Y = F(K,L) масштабтаң тұрақты қайтарылымын ескереді егер:

A)  F(zK, zL) = zY

B)   F(K,L)=YZ;

C)  F(zK, zL) = Y

D)  F(K,L) =Y;

E)    zF(K,L) =Y;

3.   Фирма қосымша жұмысшыны қабылдайды егер (w/P – нақты жалақы; MPl – шекті өңбек өнімі).

A)     w/P=MPL

B)      w/P>MPL

C)      w/P=APL

D)     w/P>APL

E)       MPL =0

4.   Қай заңға сәйкес капиталдың қосымша бірлігін қосқанда оның тұрақты пайдалануы түседі.

A)  Шекті пайдалалылықтың заңына;

B)   Оукен заңына;

C)  Сұраныс заңына;

D)  Ұсыныс заңына;

E) Рационалды күтудің заңына.

Студенттер білу қажет: Өндірістік функциялардың мәні мен түрлері. Ұлттық табыстың құрылымы. Еңбек нарығының қызмет ету ерекшеліктері. Қысқа және ұзақ мерзімдегі жиынтық ұсыныстың қисығын тұрғызу ерекшеліктері

Негізгі әдебиеттер:

1.       Агапова Т.А.,Серегина С.Ф.: «Макроэкономика».- М: ДИС, 1999.

2.       Мамыров Н.Қ., Тілеужанова М.Ә.: «Макроэкономика». Оқу құралы. - Алматы: Экономика, 2004.

3.       Мэнкью Н.Г.: «Макроэкономика», М: ДИС, 2002.

4.       Фишер С.: «Макроэкономика».М: Инфра-М,2003

  1. Дорнбуш Р.,Фишер С.:«Макроэкономика»,М:Экономика,1994. 349 стр.
  2. Агапова Т.А.Макроэкономика.-М:МГУ,2004
  3. Агапова Т.А.Макроэкономика для преподавателей. Учебно- методическое пособие. Выпуск 1. –М: «Дело Сервис»,2003
  4. Селищев А.С. Макроэкономика.-С.Пб.:Питер,2005
  5. Краткий курс макроэкономики. Под ред. Мухамедиева Б.М.-Алматы,2004
  6. Киселева Е.А. Макроэкономика.-М.: Эксмо,2005
  7. Киселева Е.А. Макроэкономика: конспект лекций.- М.: Эксмо,2006
  8. Макроэкономика./ Под ред. М.И.Плотницкого.-М:Новое знание,2004
  9. Задоя А.А. Макроэкономика.-Москва,2004

Тақырып № 4. Игіліктер нарығы

1. Тұтыну функциясы және оған әсер ететін факторлар

2. Жоспарланған және нақты шығындар. Кейнсиандық крест.

3. Мемлекеттік шығындар мультипликаторы

4. Салық мультипликаторы

5. IS  қисығы.

Талқылауға арналған сұрақтар:

-          Тұтынуға және қор жинауға орта және шекті бейімділік;

-          Кейнс кресті моделі;

-          Инфляциялық және рецессиялық үзілістер. Үнемділік парадоксы.

Тест:

1.       Кейнс теориясы бойынша тұтынуға орташа бейімділік АРС=С/(Ү-Т):

А) Қолма-қол табыс өскен сайын төмендейді;

В) Қолма-қол табыс өскен сайын өседі;

С) Өзгермейді;

D) Нөлге тең;

Е) Қолма-қол табысқа төуелді емес, пайыз мөлшерлемесіне төуелді.

2.       Табыс деңгейі У = 10000 теңге, салықтар Т = 1000 теңге болса, онда С = 2500 + 0,5 (У-Т) функциясындағы тұтыну көлемінің шамасы қандай:

А) 7000;

В) 2500;

С) 4500;

D) 2000;

Е) 9000.

3.       Тұтынушы табысы 10000 теңге, тұтыну көлемі 7000 теңге дейік. Сонда  қор жинақтау шамасы қандай:

А) 3000;

В) 17000;

С) 10000;

D) 7000;

Е) 0.

6.       Инвестициялық функция мынадай:  І = 1000 – 30 r,  мұндағы r - нақты пайыз мөлшерлемесі. Егер номиналды пайыз мөлшерлемесі 10 %, ал инфляция қарқыны 2 % болса, онда инвестиция көлемі:

А) 760;

В) 240;

С) 700;

D) 970;

Е) 712.

7.       Тұтыну көлемі 500-ден 700 мың теңгеге дейін өзгерді. Қолда бар табыс 10000-нан 14 000 мың теңгеге дейін өзгерді. Тұтынуға деген шекті бейімділік қандай?

А) 0,05;

В) 0,5;

С) 0,25;

D) 0,025;

Е) - 0,5

Студенттер білу қажет: Ресурстардың толық қамтылу мәселелері. Кейнс кресті. Инфляциялық және рецессиялық үзіліс. Ұқыптылық парадоксы. Фискалды саясаттың мәні, түрлері және құралдары, мемлекеттік шығындар мен салық мультипликаторы, ығыстыру тиімділігінің механизмі

Негізгі әдебиеттер:

1.       Агапова Т.А.,Серегина С.Ф.: «Макроэкономика».- М: ДИС, 1999.

2.       Мамыров Н.Қ., Тілеужанова М.Ә.: «Макроэкономика». Оқу құралы. - Алматы: Экономика, 2004.

3.       Мэнкью Н.Г.: «Макроэкономика», М: ДИС, 2002.

4.       Фишер С.: «Макроэкономика».М: Инфра-М,2003

  1. Дорнбуш Р.,Фишер С.:«Макроэкономика»,М:Экономика,1994. 349 стр.
  2. Агапова Т.А.Макроэкономика.-М:МГУ,2004
  3. Агапова Т.А.Макроэкономика для преподавателей. Учебно- методическое пособие. Выпуск 1. –М: «Дело Сервис»,2003
  4. Селищев А.С. Макроэкономика.-С.Пб.:Питер,2005
  5. Краткий курс макроэкономики. Под ред. Мухамедиева Б.М.-Алматы,2004
  6. Киселева Е.А. Макроэкономика.-М.: Эксмо,2005
  7. Киселева Е.А. Макроэкономика: конспект лекций.- М.: Эксмо,2006
  8. Макроэкономика./ Под ред. М.И.Плотницкого.-М:Новое знание,2004
  9. Задоя А.А. Макроэкономика.-Москва,2004

Тақырып № 5. Ақша нарығы.

1.Ақша агрегаттары.  Ақшаның сандық теориясы.

2. Ақшаға деген сұраныстың  теориялары. 

3. Ақша  ұсынысының үлгісі. Ақ ша  мультипликаторы.

4. Ақша саясатының құралдары.

5. Ақша нарығындағы тепе-теңдік. LM қисығы.

Талқылауға арналған сұрақтар:

-                      Ынталандырушы және тежеуші бюджет-салық саясаты;

-                      Бюджет тапшылығын қаржыландыру тәсілдері. Лаффер қисығы.

-                      Ақша агрегаттары және ақшаның айналыс заңы;

Есеп:

Кестеде  берілген мәліметтер бойынша:

а)М1;ә)М2; б)М3 табыңыз.

Млн.теңге

Шағын жедел салымдар

1290

Ірі жедел салымдар

476

Чектік салымдар

413

Қолма-қол ақшалар

210

Чексіз жинақ салымдар

280

Тест:

1.       Үкіметте бюджет тапшылығы болады, егер:

А) Мемлекеттік шығыстар салықтан түсетін түсімнен көп болса;

В) Салықтан түсетін түсім мемлекеттік шығыстардан көп болса;

С) Салықтан түсетін түсім тұтыну шығындарынан көп болса;

D) Салықтан түсетін түсім инвестициядан көп болса;

Е) Мемлекеттік шығыстар салықтан түсетін түсімдерден аз болса.

2.       Қандай салықтар жанама болып есептеледі:

А) Акциздер, қосылған құнға салынатын салық;
В) Жеке тұлғалардың табысына салынатын салық;
С) Мүлікке салынатын салық;

D) Жер салығы;

Е) Транспорт салығы.

3.       Ақша активтері құрамына не жатпайды:

А) Акционерлік қоғамның құнды қағаздары;
В) Жол чектері;

С) ҚР-ның жинақтау облигациясы;

D) Жинақтау шоттары;

Е) Қолма-қол ақша.

4.       Ақша ұсынысын азайту туралы шешім қабылдау үшін Ұлттық банк:

А) Міндетті резервтер мөлшерлемесін арттыруы мүмкін;

В) Ашық нарықта мемлекеттік облигацияларды сатып алуы мүмкін;

С) Есептеу мөлшерлемесін азайтуы мүмкін;

D) Кәсіпкерлік құрылымдарды қаржыландыруды арттыруы мүмкін;

Е) Міндетті резервтер мөлшерлемесін азайтуы мүмкін.

5.       Экономикадағы өнім картоп қана болсын және осы жылы бұл өнімнің 1000 кг бағасы 0,25 теңгеден сатылды. Экономикадағы ақша көлемі 100 теңге болса, онда ақша айналымының жылдамдығы қандай?

А) 2,5;

В) 1,5;

С) 0,4;

D) 5;

Е) 25.

6.       Мемлекет бюджетінің тапшылығы мына жағдайда пайда болады:

А) G - Т < 0;

В) G - Т > 0;

С) G - Т = 0;

D) G + Т < 0;

Е) G + Т > 0.

7.       Графиктегі АВС ауданы нені анықтайды?

А) Бюджет тапшылығын;

В) Профицитті;

С) Бюджет теңдестігін;

D) Стагнацияны;

Е) Рецессияны.

8.        Графикдегі ВКМ ауданы нені анықтайды?

А) Бюджет профициті;

В) Бюджет тапшылығын;

С) Бюджет теңдестігін;

D) Стагнацияны;

Е) Рецессияны.

9.       Келесі көрсеткіштердің қайсысы мемлекеттік шығындарға жатады?

А) ғарыштық зерттеулерге жұмсалған шығындар;

В) жеке меншік жоғарғы оқу орнында баланы оқыту шығындары;

С) коммуналды қызметтерді төлеу шығыңдары;

D) жеке меншік үй тұрғызу шығындары;

Е) офисті жөндеу шығындары.

10.   Инвестицияға не жатады?

А) Кәсіпкердің өнім өндіруі үшін жаңа құрал-жабдықтарды сатып алуы;

В) Тұрғын үйді күрделі жөндеуден өткізу;

С) Құнды қағаздар сатып алу;

D) Қоймадағы қорларды басқа фирмаға сату;

Е) Банктік шотқа ақша салу.

11.   Нақты капиталдың өзгеруін көрсететін инвестиция түрі қайсы?

А) Таза;

В) Индуцирлік;

С) Реновациялық;

D) Портфелдік;

Е) Автономдық.

12.   Төмендегі әрекеттердің қайсысы мемлекеттік бюджеттің тапшылығын қаржыландыру әдісіне жатпайды?

А) Шетел компанияларына акция сату;

В) Несие - ақша эмиссиясын жасау;

С) Займдар шығару;

D) Қосымша ақша бастыру;

Е) Салықтарды өсіру.

Студенттер білу қажет: Ақшаға сұраныстың құрылымы, ақша нарығындағы тепе-тендікті қалыптастыру механизмі. Ақша мультипликаторы. Ақша-несие саясатының мақсаты мен құралдары.Банк қызметтері

Негізгі әдебиеттер:

1.       Агапова Т.А.,Серегина С.Ф.: «Макроэкономика».- М: ДИС, 1999.

2.       Мамыров Н.Қ., Тілеужанова М.Ә.: «Макроэкономика». Оқу құралы. - Алматы: Экономика, 2004.

3.       Мэнкью Н.Г.: «Макроэкономика», М: ДИС, 2002.

4.       Фишер С.: «Макроэкономика».М: Инфра-М,2003

  1. Дорнбуш Р.,Фишер С.:«Макроэкономика»,М:Экономика,1994. 349 стр.
  2. Агапова Т.А.Макроэкономика.-М:МГУ,2004
  3. Агапова Т.А.Макроэкономика для преподавателей. Учебно- методическое пособие. Выпуск 1. –М: «Дело Сервис»,2003
  4. Селищев А.С. Макроэкономика.-С.Пб.:Питер,2005
  5. Краткий курс макроэкономики. Под ред. Мухамедиева Б.М.-Алматы,2004
  6. Киселева Е.А. Макроэкономика.-М.: Эксмо,2005
  7. Киселева Е.А. Макроэкономика: конспект лекций.- М.: Эксмо,2006
  8. Макроэкономика./ Под ред. М.И.Плотницкого.-М:Новое знание,2004
  9. Задоя А.А. Макроэкономика.-Москва,2004

Тақырып № 6. IS- LM үлгісі

1. Тауарлар мен ақша нарығындағы макроэкономикалық тепе-теңдік.

2. IS- LM моделдерінде фискалды және монетарлық  саясаттардың тиімділігі.

Талқылауға арналған сұрақтар:

-          Ақша-несие саясатының мақсаты мен құралдары.

Тест:

1.       Ақша активтері құрамына не жатпайды:

А) Акционерлік қоғамның құнды қағаздары;
В) Жол чектері;

С) ҚР-ның жинақтау облигациясы;

D) Жинақтау шоттары;

Е) Қолма-қол ақша.

2.       Ақша ұсынысын азайту туралы шешім қабылдау үшін Ұлттық банк:

А) Міндетті резервтер мөлшерлемесін арттыруы мүмкін;

В) Ашық нарықта мемлекеттік облигацияларды сатып алуы мүмкін;

С) Есептеу мөлшерлемесін азайтуы мүмкін;

D) Кәсіпкерлік құрылымдарды қаржыландыруды арттыруы мүмкін;

Е) Міндетті резервтер мөлшерлемесін азайтуы мүмкін.

3.       Банктің міндетті резервтер мөлшерлемесі 15 % тең. Егер банк депозиттерінде 10 000 долл. бар болса, онда несиеге берілетін қаржы қандай?

А) 8500;

В) 10 000;

С) 15 000;

D) 11500;

Е) 7500.

4.       Шұлыққа тығып қойған ақша:

А) Ақшаның құнын сақтау функциясын атқарады;

В) Алмастыру құралы болып табылады;

С) Есептеу бірлігі болып табылады;

D) Болашақтағы төлемдер өлшеуіші;

Е) Жоғарыдағы тұжырымдардың барлығы да дұрыс емес.

5.       Егер ақша базасы 200 млрд.долл., ал М s- 600 млрд.долл. болса, онда ақша
мультипликаторы:

А) 3;

В) 3,33;

С) 2,9;

D) 2;

Е) анықтау мүмкін емес.

6.       Ұлттық банк ашық нарықта 8 млн.долл. көлемінде құнды қағаздар сатып алды. Ақша мультипликаторы 2,4-ке тең болса, онда ақша массасының көлемі қалай өзгереді?

А) 19,2-ге артады;

В) 8-ге өседі;

С) 19,2-ге кемиді;

D) 16,5-ке кемиді;

Е) 16,5-ке өседі.

7.       Тұтыну функциясының графигіндегі көлбеулігі 45° болатын түзу арқылы:

А) Үй шаруашылықтарының шығындары мен табыстары бір-біріне тең болатын нүктелерді табамыз;

В) Үй шаруашылықтарының табыстың әр деңгейіне сәйкес болатын жинақтау сомаларын анықтаймыз;

С) Жинақтау мен инвестициялар тең болатын жағдайды табамыз;

D) Жинақтаудың ең үлкен деңгейіне сәйкес нүктелерді анықтаймыз;

Е) Үй шаруашылықтарының табыстың әр деңгейіне сәйкес тұтыну көлемін анықтаймыз.

8.       Инвестицияларды ығыстыру әсері жағдайында:

А) Мемлекеттік сатып алулардың өсуі пайыз мөлшерлемесін арттырып, инвестиция көлемін азайтады;

В) Мемлекеттік сатып алулардың азаюы пайыз мөлшерлемесін арттырып, инвестиция көлемін азайтады;

С) Мемлекеттік сатып алулардың өсуі пайыз мөлшерлемесін азайтып, инвестиция көлемін азайтады;

D) Мемлекеттік сатып алулардың өсуі пайыз мөлшерлемесі мен инвестиция көлемін арттырады;

Е) Мемлекеттік сатьш алулардың кемуі пайыз мөлшерлемесін азайтады, инвестиция көлемін азайтады.

9.       IS-LM үлгісіндегі мемлекеттік шығындарды арттыру әсерін анықта:

А) ΔҮ = ΔG * (1 / (1 - МРС));

В) ΔҮ = ΔТ * (1 / (1 - МРС));

С) ΔҮ = ΔG * (- МРС / МРС - 1));

D) ΔҮ = ΔG * (- МРС / (1 - МРС));

Е) ΔҮ = ΔG * ( 1 /(1 - МРS)).

10.   LМ қисығы нені көрсетеді?

А) Ақша қалдығының берілген деңгейіне сәйкес, жиынтық сұраныс(Y) пен пайыз мөлшерлемесі(R) арасындағы байланысты;

В) Ақша ұсынысының берілген деңгейіне сәйкес, жиынтық сұраныс пен табыс арасындағы байланысты;

С) Айнымалы ақша базасына сәйкес, пайыз мөлшерлемесі мен қолда бар табыс арасындағы байланысты;

D) Номиналды ақша массасына сәйкес, жиынтық сұраныс пен пайыз мөлшерлемесі арасындағы байланысты;

Е) Нақты ақша қалдығының берілген деңгейіне сәйкес, жиынтық ұсыныс пен пайыз мөлшерлемесі арасындағы байланысты.

11.   Қай айнымалының өзгерісі IS қисығын солға қарай жылжытады?

А) Салықтардың өсуі;

В) Қолда бар табыстың өсуі;

С) Мемлекеттік шығындардың өсуі;

D) Инвестицияның өсуі;

Е) Салықтардың азаюы.

12.   Егер инвестициялардың проценттік мөлшерлемеге тәуелділігі артса, онда:

А) IS қисығы көлбеу болады;

В) IS қисығы тік болады;

С) IS және LМ қисықтары өзгереді;

D) LМ қисығы тік болады;

Е) LМ қисығы көлбеу болады;

13.   Таза экспорт дегеніміз:

А) Экспорт-импорт;

В) Импорт-экспорт;

С) Экспорт+импорт;

D) Экспорт+импорт-шетелден түскен факторлық табыс;

Е) Экспорт+импорт+шетелден түскен факторлық табыс.

14.   Орталық банк қызметтері қатарында жоқ.

А) Халықты несиелеу.

В) Несие-ақшалық реттеу.

С) Қағаз белгілерін эмиссиялау.

D) Үкіметті несиелеу.

Е) Коммерциялық банктерді бақылау.

15.   Милтон Фридмен және оны жақтаушылар — бұл қандай теорияға үлес қосқан экономистер:

А) Сандық ақша теориясының дамуына.

В) Кейнсиандық экономикалық теорияға.

С) «Шығындар - өнім шығару» моделін талдау.

D) Эконометриканың дамуы.

Е) Ұсыныс экономикасының теориясы.

Студенттер білу қажет: IS- LM моделдерін гафикалық жәнематематикалық құрастыруфискалды және монетарлық  саясаттардың тиімділігінің шарттары.

Негізгі әдебиеттер:

1.       Агапова Т.А.,Серегина С.Ф.: «Макроэкономика».- М: ДИС, 1999.

2.       Мамыров Н.Қ., Тілеужанова М.Ә.: «Макроэкономика». Оқу құралы. - Алматы: Экономика, 2004.

3.       Мэнкью Н.Г.: «Макроэкономика», М: ДИС, 2002.

4.       Фишер С.: «Макроэкономика».М: Инфра-М,2003

  1. Дорнбуш Р.,Фишер С.:«Макроэкономика»,М:Экономика,1994. 349 стр.
  2. Агапова Т.А.Макроэкономика.-М:МГУ,2004
  3. Агапова Т.А.Макроэкономика для преподавателей. Учебно- методическое пособие. Выпуск 1. –М: «Дело Сервис»,2003
  4. Селищев А.С. Макроэкономика.-С.Пб.:Питер,2005
  5. Краткий курс макроэкономики. Под ред. Мухамедиева Б.М.-Алматы,2004
  6. Киселева Е.А. Макроэкономика.-М.: Эксмо,2005
  7. Киселева Е.А. Макроэкономика: конспект лекций.- М.: Эксмо,2006
  8. Макроэкономика./ Под ред. М.И.Плотницкого.-М:Новое знание,2004
  9. Задоя А.А. Макроэкономика.-Москва,2004

2-модуль.  Жабық және ашық экономикадағы  макроэкономикалық тұрақсыздық

Тақырып № 7. Макроэкономикалық тұрақсыздық. Жұмыссыздықтың экономикалық циклдары. Инфляция.

1. Экономикалық циклдары және негізгі макроэко номикалық көрсеткіштер динамикасы.

2. Инфляция және ұсыныс  тітіркенімдері.  Инфляцияның түрлері.

3. Жұмыссыздық нысандары. Оукен заңы.

4. Бюджет тапшылығы және оны қаржыландыру.

Талқылауға арналған сұрақтар:

-    Экономикалық тербеліс себептері;

-    Жұмыссыздық түрлері мен оны өшеу қиындығы;

-    ҚР-дағы жұмыссыздықпен күрес;

-    ҚР-дағы инфляция және оны төмендету жолдары;

-    Жұмыссыздық пен инфляцияның өзара байланысы.

Есеп:

Кестеде белгілі-бір кезеңнің 1-ші және 5-ші жылдарындағы еңбек ресурстары мен жұмыспен қамтылғандықтың көрсеткіштері берілген:

Бірінші жыл

Бесінші жыл

Жұмыс күші

84889

95453

Жұмыспен қамтамасыз етілгендер

80796

87524

Жұмыссыздар

-

-

Жұмыссыздық көлемі (%)

-

-

А) Бірінші және бесінші жылдағы жұмыссыздар саны мен жұмыссыздық көлемін анықтаңдар;

Ә) Жұмыспен қамтылғандар мен жұмыссыздар санының бірдей өсуін қалай түсіндіруге болады?

Б) Қарастырылып отырған кезеңнің бесінші жылында адамдар толық жұмыспен қамтылған деуге бола ма?

Тест:

1.       Төмендегі берілгендердің қайсысы экономикалық цикл фазаларына жатпайды?

A)    Рецессия.

B)     Құлдырау.

C)     Инфляция.

D)    Өрлеу.

E)     Жандану.

2.       Елдегі бағаның жалпы деңгейінің жоғарылауын қалай деп атайды:

А) Инфляция;

В) Сеньораж;

С) Стагфляция;

D) Стагнация;

Е) Құлдырау.

3.       Тұтыну себетінің құрамы кестеде көрсетілген:

Тауар

Базистік жыл (2000)

Ағымдағы жыл (2003)

баға

мөлшері

Баға

мөлшері

Ет

Жарнама

200

50

2 кг

4 кг

400

100

2 кг

4 кг

Тұтыну бағасының индексін анықтаңдар:

А) (800 + 400)/(400 + 200) = 2;

В) (400 + 200)/(800 + 400) = 1/2 ;

С) (400 + 100)/(50 + 200) = 2;

D) (200 + 400)/(50 + 100) = 4;

Е) (50 + 100)/(200 + 400) = 1/4.

4.       Жұмыс күші дегеніміз:

А) Жұмыспен қамтылғандар + жұмыссыздар;

В) Жұмыспен қамтылғандар;

С) Жұмыспен қамтылғандар - жұмыссыздар;

D) Экономикалық белсенді халық - жұмыссыздар;

Е) Мемлекеттің барлық тұрғындары.

5.       ЖҰӨ мен жұмыссыздық арасында қандай тәуелділік бар:

А) Жұмыссыздық өседі, ЖҰӨ азаяды;

В) Жұмыссыздық өседі, ЖҰӨ өседі;

С) Жұмыссыздық өседі, ЖҰӨ өзгермейді;

D) Жұмыссыздық өзгермейді, ЖҰӨ азаяды;

Е) Олардың арасында ешқандай тәуелділік жоқ.

6.       Инфляция мен жұмыссыздық арасында қандай өзара байланыс бар:

А) Жұмыссыздық төмендейді, инфляция өседі;

В) Жұмыссыздық өседі, инфляция да өседі;

С) Жұмыссыздық өседі, инфляция өзгермейді;

D) Жұмыссыздық азаяды, инфляция төмеңдейді;

Е) Жұмыссыздық пен инфляцияның арасыңда ешқандай өзара байланыс жоқ.

7.       Тұтыну бағаларының индексі нені көрсетеді:

А) Белгілі бір тауарлар мен қызметтер жиынының баға деңгейін;

В) ЖҰӨ - нің баға деңгейін;

С) Тұтынушылар қалауын;

D) Тұтыну себетінің құрамын;

Е) Дұрыс жауабы жоқ.

8.       Жұмыссыздық деңгейі төмендегідей тәсілмен анықталады:

А)        Жұмыссыздар           

Жұмыс күші ;

В)        Жұмыс күші  

Жұмыссыздар;

С) Жұмыспен қамтылғандар

Жұмыссыздар;

D)                    Жұмыссыздар                       

   Жұмыспен қамтылғандар ;

Е) Дұрыс жауабы жоқ.

9.       Жұмыссыздар үлесі жұмыссыздар санының төмеңдегі көрсеткіштердің қайсысына проценттік қатынасымен анықталады:

А) Еңбекке жарамды халық санына;

В) Жұмыс күші құрамынан уақытша шығып кеткендер санына;

С) Жұмыс істегісі келетіндер санына;

D) Табысты еңбектен алмайтындардың санына;

Е) Өз іс-әрекеттері бар халық санына.

10.   Жұмыссыздықтың табиғи деңгейі — 6%, нақты деңгейі - 18%, циклдық жұмыссыздықты анықтаңыз:

А) 12%;

В) -12%;

С) 24%;

D) 3%;

Е) 1/3%.

11.   Еңбек нарығы тепе-теңдікте тұрғанда классикалық үлгіге сәйкес

А) Жұмыспен бүтіндей түгел қамтылу болады;

В) Нақты жалақыға жұмыс істегісі келетін кейбір адамдар өздеріне жұмыс таба алмайды,

С) Фирмалар жұмысшылардың қажетті санын жалдай алмағандықтан, бос жұмыс орындары пайда болады;

D) Потенциалды ЖҰӨ нақтыдан жоғары болады;

Е) Салықтар көмегімен еңбек нарығында жұмыс күшін тиімділікпен бөлу мүмкіндігі туындайды.

12.   Жұмыс істегісі келетін,  бірақ жұмыс таба алмай  "түңілгеннен"  кейін жұмыс орнын іздеуді тоқтатқан жұмысшылар:

А)  Жұмыс күшінің құрамында алдағы уақытта есептелмейді;

В)   Фрикциялық жұмыссыздық шамасында есептелінеді;

С)   Күтілген жұмыссыздық шамасында есептелінеді;

D)  Еңбекақы туралы заңдарға сәйкес жәрдемақы алады;

Е)   Халықтың экономикалық белсенді қатарына жатпайды.

13.   Күтілген жұмыссыздық төмендегілердің қайсысының салдарынан пайда болады:

А) Нақты еңбекақы тепе-теңдік мөлшерінен асып түскенде;

В) Егер төменгі деңгейдегі еңбекақының жақын арада жоғарылайтыны белгілі болса;

С) Жұмыссыздықтан жоғарғы көлемдегі сақтандыру енгізсе;

D) Жұмысшылар уақытша ауа-райына байланысты жұмыстан босатылса;

Е) Номиналды еңбекақы тепе-теңдік мөлшерден асып түссе.

14.   Төмендегілердің қайсысы фрикциялық жұмыссыздық себебіне жатпайды:

А) Экономикада сұраныс төмендеуі бақыланады;

В) Кейбір кәсіпорындар экономикалық тиімді болмағандықтан уақытша жабылады;

С) Жұмысшы мамандығын өзгерткісі келеді;

D) Қыз жоғарғы еңбекақы төлейтін жұмысқа қабылданады;

Е) Жас жігіт бірінші рет жұмыс іздейді.

15.   Жұмыссыздықтың қай түрі жұмыспен қамтылу төмендеуінің келесі себебінен пайда болады: Сауда мекемелерінде компьютерлерді пайдалану арқасында кеңсе қызметі жетілдіріледі.

А) Құрылымдық;

В) Маусымдық;

С) Коънюктуралық;

D) Секторлық;

Е) Фрикциялық (ағымдық).

16.   Жұмыссыздықтың қай түрі жұмыспен қамтылу төмендеуінің келесі себебінен пайда болады:  Қызылшаны қант зауытында пайдаланып болғаннан кейін жұмыс орнында тек бірнеше жұмысшы қалды.

А) Маусымдық;

В) Перманенттік;

С) Конъюктуралық;

D) Құрылымдық;

Е) Фрикциялық (ағымдық).

17.   Инфляцияны қайсы проценттік мөлшерлеме ескереді:

А) нақты;

В) номинадцы;

С) ағымдағы;

D) коммерциялық банктың мөлшерлемесі;

Е) қайта қаржыландыру мөлшерлемесі.

Студенттер білу қажет: Макроэкономикалық тұрақсыздықтың себеп тері, экономикалық циклдың мәні және түрлері, инфляция және жұмыссыздық, инфля цияға қарсы реттеудің мәні

Негізгі әдебиеттер:

1.       Агапова Т.А.,Серегина С.Ф.: «Макроэкономика».- М: ДИС, 1999.

2.       Мамыров Н.Қ., Тілеужанова М.Ә.: «Макроэкономика». Оқу құралы. - Алматы: Экономика, 2004.

3.       Мэнкью Н.Г.: «Макроэкономика», М: ДИС, 2002.

4.       Фишер С.: «Макроэкономика».М: Инфра-М,2003

  1. Дорнбуш Р.,Фишер С.:«Макроэкономика»,М:Экономика,1994. 349 стр.
  2. Агапова Т.А.Макроэкономика.-М:МГУ,2004
  3. Агапова Т.А.Макроэкономика для преподавателей. Учебно- методическое пособие. Выпуск 1. –М: «Дело Сервис»,2003
  4. Селищев А.С. Макроэкономика.-С.Пб.:Питер,2005
  5. Краткий курс макроэкономики. Под ред. Мухамедиева Б.М.-Алматы,2004
  6. Киселева Е.А. Макроэкономика.-М.: Эксмо,2005
  7. Киселева Е.А. Макроэкономика: конспект лекций.- М.: Эксмо,2006
  8. Макроэкономика./ Под ред. М.И.Плотницкого.-М:Новое знание,2004
  9. Задоя А.А. Макроэкономика.-Москва,2004

Тақырып № 8. Ашық экономика.

1.Төлем балансы.

2. Валюталық бағамы.

3. Ашық экономика үшін IS- LM үлгісі

Талқылауға арналған сұрақтар:

-          Төлем балансының құрылымын талдау;

-          Әлемдік валюта жүйесі мен оның даму кезеңдері;

-          ҚР-ның валюталық саясаты;

-          Ұлттық валюта тербелісіне әсер ететін факторлар.

Есеп 1:

Үкімет қанттың 1 кг-на 0,01 долл. көлемінде қант импортына тарифті енгізу жөнінде шешім қабылдайды. Қанттың әлемдік бағасы 1 кг-на 0,2 долларға тең. Еркін сауда кезіндегі қанттың ішкі өндірісінің көлемі жылына 6 млрд. кг, ал импортқа тариф орнатқан кезде жылына 8 млрд. кг. Еркін сауда кезіндегі қанттың ішкі тұтыну көлемі жылына 20 млрд. кг.,ал импортқа тариф орнатқан кезде жылына 18 млрд. кг. Еркін сауда кезіндегі берілген елге қант импортының көлемі жылына 16 млрд. кг, ал импортқа тариф орнатқан кезде жылына 12 млрд. кг.

Есептеңіздер:

А) Қант импортына тарифті енгізуден болған берілген елдің тұтынушыларының шығындарын;

Ә) Осы шарадан болған отандық өндірушілердің ұтысын;

Б) Қант импортына тарифті енгізуден болған мемлекеттік бюджеттің табысының өсуін;

В) Импортты шектеуден болған ел әл-ауқатының таза зардаптарын.

Есеп 2:

Төменде ҚР теңгесі үшін ақша нарығындағы сұраныс пен ұсыныс кестесі берілген:

Теңге бағасы (дол-ларға шаққанда)

Теңгеге сұраныс көлемі (млн.теңге)

Ұсыныс көлемі (млн.теңге)

0,6

400

400

0,5

420

370

0,4

440

340

0,3

460

310

0,2

480

280

А) Доллардың валюталық курсының тепе-теңдік көлемі қандай?

Ә) ҚР теңгенің валюталық курсының тепе-теңдік көлемі қандай?

Б) Валюталық нарықта доллардың қандай көлемі сатып алынады?

В) Валюталық нарықта ҚР теңгенің қандай көлемі сатып алынады?

Тест:

1.       Егер неміс маркасының долларға шаққандагы бағасы (1 марка) 50 ден 45 центке түссе, онда Германияда сатылатьн магнитофонның бағасы (доллармен) 150 маркадан:

А) 15 долларға арзандайды.

В) 7,50 долларға азаяды.

С) 10 долларға түседі.

D) 7,50 долларға өседі.

Е) 8 долларға түседі.

2.       Қазақстандағы айырбас бағамы қандай:

А) өзгермелі;

В) белгіленген;

С) орталықтандырылмаған;

D) шектеуі бар тіркелген;

Е) биржалық.

3.       Тұрақты айырбас жағдайында, валюта бағамын:

А) Ұлттық банк тағайындайды;

В) Нарықтағы сұраныс пен ұсыныс анықтайды;

С) Сату барысында анықтайды;

D) Ауытқулар шегінде анықтайды;

Е) Алтын стандарты бойынша анықтайды.

4.       Девальвация дегеніміз:

А) Валютаның құнсыздануы;

В) Номиналды валюта бағамының төмендеуі;

С) Валюта бірлігінің өзгеруі;

D) Сатып алу қабілетінің өсуі;

Е) Валютаға деген сұраныстың артуы.

5.       Егер АҚШ-та компьютер бағасы 1000 доллар болса, ал айырбас бағамы 1 долларға 150 теңгеге тең болса, онда компьютердің Қазақстандағы бағасы:

А) 150 000 теңге;

В) 1500 доллар;

С) 15 000 теңге;

D) 50 000 теңге;

Е) 48 000 теңге

6.       Қолма қол валюта деген не?

А) Шетелдік банкнота мен қолдағы ақша;

В) Шетел банктеріндегі авуарлар;

С) Шетел банктерінің чектері;

D) Шетелдік трассаттар векселі;

Е) Шетел валютасының депозиттері;

7. Егер нақты валюта бағамы өссе, онда таза экспорт:

А)  Азаяды;

В)   Өседі;

С)   Өзгермейді;

D)   Нөлге тең болады;

Е)   Теріс болады.

8. Валюта бағамы дегеніміз:

А) Шетел валютасымен есептелген ұлттық валютаның мөлшері.

В) Валюта сатылған күнгі Ұлттық банктің бағамы;

С) Алтын бағасы;

D) Алмастыру орындарындағы бағам;

Е) Екі ел товарларының бағаларының қатынасы;

9. Айырбас бағамы тұрақты емес жағдайдағы тепе-теңдік бағаның төмендеуін валютаның құнсыздануы деп атайды, ал тұрақты айырбас бағамы жағдайында бұл процесс қалай аталады?

А) Девальвация;

В) Ревальвация;

С) Инфляция;

D) Стагнация;

Е) Рецессия.

10.   Қазақстанда қай жылы ұлттық валюта теңге енгізілді?

А) 1993 жыл.

В) 1992 жыл.

С) 1990 жыл.

Б) 1994 жыл.

Е) 1995 жыл.

Студенттер білу қажет: Төлем балансының құрылымы және оны реттеу құралдары. Валюта бағамының түрлері. Валюта нарығының үлгісі. Валюталық бағамының динамикасы.

Негізгі әдебиеттер:

1.       Агапова Т.А.,Серегина С.Ф.: «Макроэкономика».- М: ДИС, 1999.

2.       Мамыров Н.Қ., Тілеужанова М.Ә.: «Макроэкономика». Оқу құралы. - Алматы: Экономика, 2004.

3.       Мэнкью Н.Г.: «Макроэкономика», М: ДИС, 2002.

4.       Фишер С.: «Макроэкономика».М: Инфра-М,2003

  1. Дорнбуш Р.,Фишер С.:«Макроэкономика»,М: Экономика,1994. 349 стр.
  2. Агапова Т.А.Макроэкономика.-М:МГУ,2004
  3. Агапова Т.А.Макроэкономика для преподавателей. Учебно- методическое пособие. Выпуск 1. –М: «Дело Сервис»,2003
  4. Селищев А.С. Макроэкономика.-С.Пб.:Питер,2005
  5. Краткий курс макроэкономики. Под ред. Мухамедиева Б.М.-Алматы,2004
  6. Киселева Е.А. Макроэкономика.-М.: Эксмо,2005
  7. Киселева Е.А. Макроэкономика: конспект лекций.- М.: Эксмо,2006
  8. Макроэкономика./ Под ред. М.И.Плотницкого.-М:Новое знание,2004
  9. Задоя А.А. Макроэкономика.-Москва,2004

Тақырып № 9. Айырбас бағамының түзімі және жиынтық сұраныс

1. Айырбас бағамы тіркелген жағдайдағы ашық экономикадағы тепе-теңдік.

2. Толық капитал жинақылығы жағдайдағы бюджет және  ақша саясаты.

3. Айырбас бағамы құбылмалы жағдайдағы ашық экономика.

Талқылауға арналған сұрақтар:

-          Халықаралық сауда теориялары;

-          ҚР-ның ДСҰ ену мәселесі мен сауда саясаты;

Студенттер білу қажет: Айырбас бағамы тіркелген жағдайдағы ашық экономикадағы тепе-теңдік.  Фискалдық экспансия мен ақша саясатының өндіріс пен айырбас бағамына ықпалы. Айырбас бағамдары тіркелген және  құбылмалы жағдайлардығы макроэкономикалық саясатты салыстыру.

Негізгі әдебиеттер:

1.       Агапова Т.А.,Серегина С.Ф.: «Макроэкономика».- М: ДИС, 1999.

2.       Мамыров Н.Қ., Тілеужанова М.Ә.: «Макроэкономика». Оқу құралы. - Алматы: Экономика, 2004.

3.       Мэнкью Н.Г.: «Макроэкономика», М: ДИС, 2002.

4.       Фишер С.: «Макроэкономика».М: Инфра-М,2003

  1. Дорнбуш Р.,Фишер С.:«Макроэкономика»,М:Экономика,1994. 349 стр.
  2. Агапова Т.А.Макроэкономика.-М:МГУ,2004
  3. Агапова Т.А.Макроэкономика для преподавателей. Учебно- методическое пособие. Выпуск 1. –М: «Дело Сервис»,2003
  4. Селищев А.С. Макроэкономика.-С.Пб.:Питер,2005
  5. Краткий курс макроэкономики. Под ред. Мухамедиева Б.М.-Алматы,2004
  6. Киселева Е.А. Макроэкономика.-М.: Эксмо,2005
  7. Киселева Е.А. Макроэкономика: конспект лекций.- М.: Эксмо,2006
  8. Макроэкономика./ Под ред. М.И.Плотницкого.-М:Новое знание,2004
  9. Задоя А.А. Макроэкономика.-Москва,2004

Тақырып № 10. Экономикалық өсу

1. Экономикалық өсу түсінігі және факторлары.

2. Экономикалық өсудің кейнсиандық моделі.

3. Р. Солоудың  өсу үлгісі

Талқылауға арналған сұрақтар:

-                      ҚР- дағы экономикалық өсу;

-                      ҚР-ның орнықты даму стратегиясын талдау.

Тест:

1.       Ұзақ мерзімде экономикадағы өнім көлемін төмендегілердің қайсысы анықтайды:

А) Капитал мен еңбек мөлшері және қолданылатын технология деңгейі;

В) Баға деңгейі;

С) Тұрғындардың қалауы;

D) Пайыз мөлшерлемесі;

Е) Ақша ұсынысы, мемлекеттік шығындар мен салықтар.

2.       Солоу   үлгісіндегі шығарылым көлемінің тұрақты өсімі былай

түсіндіріледі:

А) Технологиялық прогресс.

В) Жинақ мөлшерінің өсімі.

С) Халықтың өсімі.

D) Инвестиция мөлшерінің өсімі.

Е) Жинақтың төмеңдеуі.

Студенттер білу қажет: Экономикалық өсу түсінігі және факторлары. Фелпстің «Алтың ережесі». Қазіргі кезеңдегі макроэкономикалыө саясатты таңдау мәселелері.